«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 477/НҚ бұйрығы

 «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 477/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 108) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.