(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТ...

Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығы

(2021.18.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.