Қазақстан Республикасының Су ресурстары және иригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығы
(2024.18.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 217-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 4-Ө бұйрығының 19-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;