(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СУБСИДИЯЛАУҒА ЖАТАТЫН НАҚТЫ ӨНД...

2017 жылға арналған субсидиялауға жататын нақты өндірген, сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге үшін квоталарын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 294 Қаулысы

 

Осы редакция 2017 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 15-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай квоталар:

1) бірегей тұқым өндірушілердің бірегей тұқымдардың нақты өндірген көлемдеріне жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының нақты сатып алған бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

3) элиталық тұқым шаруашылығы бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болып табылған жағдайда, элиталық тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген бірегей тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

4) тұқым өсіру шаруашылықтарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;

5) тұқым шаруашылығы бір уақытта элиталық тұқым шаруашылығы болып табылған жағдайда, тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген элиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.