«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 242 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 276 бұйрығымен күші жойылады (2028 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген, 2015 жылы 6 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарашпыларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: