Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығы
(2019.15.04. берілген өзгерістермен)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті ірі қара мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес етті ірі қара мал шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаракөл шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жүнді, түбітті және сүтті бағыттағы ешкі шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жылқы шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес шошқа шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес түйе шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес марал (бұғы) шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандары;