Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 12-бабының 6), 6-1) тармақшаларына және 41-бабының 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу № 4779) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/171 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.