13-бап. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган
Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша консультациялық және әдіснамалық қызметті жүзеге асыратын Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган:
1) Ұлттық біліктілік жүйесінің əдіснамасын жəне Ұлттық біліктілік жүйесінің, Ұлттық кəсіптер сыныптауышының базалық құралдарын əзірлеу жəне жаңартып отыру жөніндегі жоспарларды қалыптастырады;
2) салалық біліктілік шеңберлеріне, кəсіптік стандарттарға жəне аккредиттеуге өтініш берушінің құжаттарына сараптама жүргізеді;
3) Ұлттық біліктілік жүйесі мəселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, əдістемелік қолдауды жүзеге асырады;
4) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын жүргізу арқылы Ұлттық біліктілік жүйесінің процестерін цифрлық сүйемелдеуді, дамытуды жəне интеграциялауды жүзеге асырады;
5) уəкілетті орган айқындаған жұмыс органы ретінде тану орталықтарын аккредиттеу процестерін ұйымдастырушылық жəне техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асырады;
6) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында аккредиттелген тану орталықтарының тізілімін жүргізеді;
7) тану орталықтарының қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады;
8) уəкілетті органмен келісу бойынша кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
9) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
14-бап. Жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) салалық мемлекеттік органдармен Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша өзара іс-әрекеті
Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық мемлекеттік органдармен осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен, оның ішінде:
1) салалық біліктілік шеңберлерін, кәсіптік стандарттарды, кәсіптер тізілімін әзірлеуге және (немесе) жаңартуға;
2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысына;
3) Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау жұмысына қатысу арқылы өзара іс-әрекет жасайды.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ ЖƏНЕ КƏСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
15-бап. Кәсіптік біліктілікті тану тәртібі мен шарттары
1. Кәсіптік біліктілікті тану кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіптер бойынша міндетті немесе ерікті негізде жүзеге асырылады.
2. Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кандидаттар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тану орталықтарында кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтеді.
Кәсіптік біліктілікті ерікті негізде тану кандидаттың қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тану орталықтары кәсіптік біліктілікті тануды өткізу рәсіміне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін біліктілік бағдарламаларын бекітеді.
Біліктілік бағдарламалары тиісті кәсіптік стандарттардың талаптары негізінде әзірленеді, ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген біліктілік талаптары пайдаланылады.
5. Егер белгілі бір кәсіп түрін жүзеге асыруға үміткер адамдарға қатысты кәсіптік қызметті жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылатын реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленсе, кәсіптік біліктілікті міндетті негізде тану көрсетілген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Кәсіптік біліктілікті міндетті негізде тану лицензиялау, аттестаттау, сертификаттау, жеке тұлғалар қызметінің басталғаны туралы хабардар ету, тестілеу, біліктілік емтихандарын өткізу арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
6. Кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіптер бойынша кәсіптік біліктілікті тану тәртібі туралы ақпарат тану орталықтарының интернет-ресурстарында, Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
15-1-бап. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне халықаралық шарттарға сəйкес жүзеге асырылады.
2. Кəсіптік біліктілікті тану саласындағы халықаралық ынтымақтастық кəсіптік біліктіліктің салыстырмалы болуын қамтамасыз етуді, кəсіптік біліктілікті жəне (немесе) дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттарды тануды қамтиды.
3. Ұлттық біліктілік жүйесіне қатысушылар кəсіптік біліктілікті тану саласында шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен жəне қорлармен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға құқылы.
4. Кəсіптік біліктіліктерді жəне (немесе) дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттарды тану уəкілетті орган айқындаған тəртіппен айқындалады.
16-бап. Кандидаттардың құқықтары
Кандидаттардың:
1) салалық мемлекеттік органдардан, тану орталықтарынан кәсіптік біліктілікті тану тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
2) біліктілік бағдарламасына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге;
3) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқығы бар.
1. 2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында тіркелуге және өзінің құрылымы мен қызметі, кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі көрсетілетін қызметтің құны туралы ақпаратты жариялауға;
2) емтиханды немесе емтихандарды өткізу және (немесе) қайта тапсыру мерзімдері мен шарттарын қоса алғанда, кандидаттарға кәсіптік біліктілікті тануды өткізу тәртібі туралы ақпаратты, кәсіптік біліктілікті тану үшін қажетті құжаттар тізбесін, оның ішінде оларды өзінің интернет-ресурстарында орналастыру арқылы беруді қамтамасыз етуге;
3) кәсіптік біліктілікті тану процесінде Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік және санитариялық-гигиеналық нормалар саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға және осы талаптар бұзылған кезде дереу ден қоюға;
4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен біліктілік бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге;
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру және қолдап отыру қағидаларына сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасына кандидаттардың кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту қорытындылары туралы мәліметтерді енгізуге;
6) кәсіптік біліктілікті тану мәселелері бойынша апелляцияға берілген өтініштерді қарау тәртібін сақтауға;
7) кәсіптік біліктілікті тану бойынша көрсетілетін қызметтің құнын белгілеуге;
8) мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту кезінде қажетті жағдайлар жасауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болуға міндетті.
18-бап. Кәсіптік біліктілікті тану емтиханынан немесе емтихандарынан өту үшін кандидатқа қойылатын талаптар
Кандидат кәсіптік біліктілікті тану емтиханынан немесе емтихандарынан өту үшін:
1) еңбек функцияларын орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпке, өндіріс ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайларына қойылатын талаптар негізге алына отырып белгіленген жасқа сәйкес келуге;
2) кәсіптік біліктілікті тану қағидаларына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынуға;
3) кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өткен кезде Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-гигиеналық нормалар саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға тиіс.
19-бап. Кәсіптік біліктілікті тану шеңберінде формалды емес және (немесе) информалды білім беруді тану
1. Тану орталықтары кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту кезінде, егер формалды емес және (немесе) информалды білім беру нәтижелерін тану жөніндегі талаптар тиісті кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған кезде - біліктілік талаптарында белгіленсе, формалды емес және (немесе) информалды білім беру арқылы алынған оқу нәтижелерін таниды.
2. Кандидат кәсіптік біліктілікті тану шеңберінде формалды емес білім беруді тану туралы шешімнің қабылдануы үшін тану орталығына білім беру қызметтерін ұсынатын ұйым берген сертификатты немесе оқуды аяқтағаны туралы куәлікті ұсынады.
3. Кандидат кәсіптік біліктілікті тану шеңберінде информалды білім беруді тану туралы шешімнің қабылдануы үшін тану орталығына алған оқу нәтижелерінің сипаттамасын ұсынады.
20-бап. Дағдыны немесе дағдыларды тану
1. Тану орталықтарында жекелеген дағдыны немесе дағдыларды бір кәсіп шеңберінде тануға жол беріледі.
2. Егер дағдыны немесе дағдыларды тану жөніндегі талап тиісті кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған кезде - біліктілік талаптарында белгіленсе, жекелеген дағдыны немесе дағдыларды тану жүзеге асырылады.
3. Жекелеген дағдыны немесе дағдыларды тану кезінде кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатта дағдының немесе дағдылардың атауы, кәсіптік біліктілік пен кәсіптің атауы көрсетіледі.
21-бап. Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты алу тәртібі
1. Емтиханды немесе емтихандарды тапсырған кандидаттар кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат алады.
2. Егер кандидат өзінің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде емтиханнан немесе емтихандардан өтпесе, тану орталығы емтиханды немесе емтихандарды қайта тапсыруға уақыт белгілейді.
3. Егер кандидат емтиханнан немесе емтихандардан өту қорытындылары бойынша теріс шешім алса, тану орталығы кәсіптік біліктілікті тану қағидаларына сәйкес кандидатқа ұсынымдар береді және емтиханды немесе емтихандарды қайта тапсыру мерзімдерін айқындайды.
4. Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың нысаны кәсіптік біліктілікті тану қағидаларында айқындалады.
5. Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың қолданылу мерзімі кәсіптер тізіліміне сәйкес белгіленеді.
22-бап. Кәсіптік біліктілікті тану мәселелері бойынша апелляцияларды қарау ерекшеліктері
1. Кандидат кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту қорытындылары бойынша тану орталығы шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өзіне нәтижелер туралы хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тану орталығына апелляцияға арналған өтінішті беруге құқылы.
2. Тану орталығы кандидаттың апелляцияға арналған өтінішін тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
3. Тану орталығы кандидаттың тану рәсімінен өту қорытындылары бойынша шешімнің нәтижелерімен келіспейтіні туралы апелляцияға арналған өтінішін қарау үшін:
1) апелляциялық комиссия құруға;
2) кандидатты апелляцияға берген өтінішін қарау қорытындылары туралы хабардар етуге міндетті.
Апелляциялық комиссия кәсіптік біліктілікті тану қағидаларына сәйкес құрылады.
4-тарау. ТАНУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АККРЕДИТТЕУ
23-бап. Тану орталықтарын аккредиттеу
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тану орталықтарын ерікті түрде жəне өтеусіз негізде аккредиттеуді уəкілетті орган өзі айқындаған тəртіппен жүргізеді.
2. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) ұсынылған құжаттарды сараптау;
3) өтініш берушіні тұрған жері бойынша зерттеп-қарау;
4) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) қолданылу мерзімі үш жыл болатын аккредиттеу аттестатын беру;
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уəкілетті орган тану орталықтарын аккредиттеуді жүргізу кезінде:
1) аккредиттеуді жүргізу барысында өтініш берушіден алынатын құжаттардың, ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2) өтініш берушінің тұрған жері бойынша толық және объективті зерттеп-қарауды жүргізуге және өтініш берушінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау қамтылуға тиіс негізделген және объективті есепті беруге міндетті.
Осы бапта көзделген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
4. Уәкілетті орган тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекітеді.
5. Тану орталықтарын қайта аккредиттеу осы баптың 2-тармағында көзделген барлық кезең сақтала отырып жүргізіледі. Өтініш беруші қайта аккредиттеуге арналған өтінімді аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі өткенге дейін алты ай бұрын береді.
24-бап. Аккредиттеу өлшемшарттары
1. Өтініш беруші мынадай өлшемшарттарға сай келуге тиіс:
1) заңды тұлға мәртебесінің болуы;
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) кəсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті өтініш берушінің қызмет түріне енгізу;
2) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында, бірлескен қызмет туралы шарт негізінде немесе уақытша иелігінде және пайдалануында кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті үй-жайдың, жабдық пен материалдық ресурстардың болуы;
3) ұсынылған кәсіптерінің кәсіптер тізілімінде болуы;
4) біліктілік бағдарламалары жобаларының уәкілетті орган белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
5) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін білікті персоналдың болуы.
2. Білім беру ұйымдарының жанынан тану орталықтарын құруға жол берілмейді.
25-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уəкілетті орган аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді кəсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің қорытындылары, ұсынылған құжаттарды сараптау жəне өтініш берушіні зерттеп-қарау нəтижелері негізінде қабылдайды.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Оң шешім қабылданған жағдайда, аккредиттелген тану орталықтарының тізбесіне мəліметтер енгізіліп, сериялық нөмірі бар аккредиттеу аттестаты беріледі жəне аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады.
Тану орталығының қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мен тану орталығы арасында аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады.
Аккредиттеу аттестатының нысанын, аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын уəкілетті орган бекітеді.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тану орталықтарының қызметін мониторингтеу Кəсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның кəсіптік біліктілікті тану рəсімін тану орталықтарының жүргізуі нəтижелерін бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Тану орталықтарының қызметін мониторингтеу нəтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Заңның 26-бабының 2-тармағына сəйкес шаралар қабылданады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Теріс шешім қабылданған кезде өтініш берушіге қағаз жəне (немесе) электрондық нысанда аккредиттеуден бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі.
5. Өтініш беруші аккредиттеуден бас тарту жөніндегі шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауға құқылы.
26-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу және оның қолданысын тоқтату
1. Тану орталығы қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, бөлінген, бөліп шығарылған, қайта құрылған) кезде аккредиттеу аттестаты тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына сәйкес қайта ресімделуге жатады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уəкілетті орган аккредиттеу аттестатын мынадай жағдайларда:
1) тану орталығының аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы жазбаша өтініші болғанда;
2) кәсіптік біліктілікті тану тәртібі бұзылғанда;
3) аккредиттеу өлшемшарттарын және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде тану орталықтарының қызметін мониторингтеу қорытындылары бойынша;
4) тану орталықтарында кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат алған адамдарға қатысты расталған шағымдар анықталғанда кері қайтарып алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында белгіленген жағдайда осы адамға берілген кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың күші жойылуға жатады. Кәсіптік біліктілікті тану туралы күші жойылған құжаттар туралы мәліметтер Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уəкілетті орган осы баптың 2-тармағында көзделген оқиғалар басталған және (немесе) бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесі тану орталығына Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы арқылы электрондық тәсілмен жіберіледі.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тану орталығы аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған бұзушылықтар жойылғаннан кейін уəкілетті органға аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдау үшін осы бұзушылықтардың жойылғаны жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Азаматтардың денсаулығына, тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы қайта басталмайды.
Аккредиттеу аттестаттарының қолданысы қайта басталуға жатпайтын тану орталықтарының тізбесі, сондай-ақ олардың құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылады.
6. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мынадай негіздер бойынша:
1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім болғанда;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі тоқтатылғанда;
3) тану орталығының қызметі тоқтатылғанда (таратылғанда);
4) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімі болғанда тоқтатылады.
5-тарау. КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЫНТАЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
27-бап. Жұмыс берушілер кәсіптік біліктілігін тануға жіберетін кандидаттарға берілетін өтемақылар, кепілдіктер мен жеңілдіктер
Жұмыс берушілер кәсіптік біліктілігін тануға жіберетін кандидаттарға өтемақылар, кепілдіктер мен жеңілдіктер беру тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
28-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде кәсіптік біліктілікті тануды есепке алу
Жұмыскерлерде кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың болуы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің қызметін декларациялау кезінде ескеріледі.
29-бап. Кәсіптік біліктілікті танудың ваучерлік жүйесі
1. Тіркелген жұмыссыз адамдар кәсіптік біліктілікті ақысыз негізде тану үшін біржолғы ваучер алуға құқылы. Біржолғы ваучер жылына бір рет беріледі және біржолғы ваучерде көрсетілген қолданылу мерзімі ішінде пайдаланылуға тиіс.
2. Біржолғы ваучер алған адамдар кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту үшін кәсіптік біліктілікті және тану орталығын таңдауды кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіп бойынша өз бетінше жүзеге асырады.
3. Егер біржолғы ваучер қолданылу мерзімі ішінде пайдаланылмаса, оның күші жойылады. Біржолғы ваучердің қолданылу мерзімі біржолғы ваучерді алған адамның еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде ұзартылуға жатады.
2026.07.07. № 334-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Біржолғы ваучер негізінде кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге арналған шығыстардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі, біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларында белгіленеді.
30-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кәсіптік біліктілікті тану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 4 шілде
№ 14-VІІІ ҚРЗ