«Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 133 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
 Төрағасының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 133 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарында:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі - Үлгілік біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.»;

12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.