«Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 133 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарында:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі - Үлгілік біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.»;
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: