Хромтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 101 «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 210 шешімі
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 101 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 15 641 819 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 370 300 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 60 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 196 419 мың теңге;
2) шығындар - 18 681 036,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 158 658 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 197 336 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 38 678 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 197 875,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 197 875,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 1 124 048 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 38 678 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 112 505,6 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Э. Болатов |
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 210 шешіміне қосымша
Хромтау аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 101 шешіміне 1 қосымша
2024 жылға арналған Хромтау аудандық бюджеті
| Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
|
|
|
| I. Кірістер | 15 641 819 | |
| 1 |
|
| Салықтық түсiмдер | 12 370 300 | |