«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 269 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) тармақшасына, 16-бабының 4-тармағына және 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5, 16, 17, 18 және 19-бабын іске асыру үшін әзірленді және «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.