«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 106-1551 қаулысына 6-қосымша) (күші жойылды)

Астана қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 29 тамыздағы

№ 106-1551 қаулысына

6-қосымша

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды

 

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Мамандандырылған бөлімімен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімі) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

Мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған бөлімінде - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;

көрсетілетін қызметті берушіде - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.