«Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 20 қазандағы № 146 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші (бұдан әрі - Ұлттық үйлестіруші) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын және «Денсаулық сақтаудың кадр ресурстары бойынша ұлттық үйлестіруші туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-245/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21779 тіркелді) бекітілген Денсаулық сақтау кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші туралы ереженің негізінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;