«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 347 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай шарттарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі – %) аспайды. 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;
2) кредит мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;