1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);
6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша агенттердiң-заңды тұлғалардың немесе дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрмау;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамау түрiнде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген мiндеттердi орындамауы -
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде агенттердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының масс-медиада жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуi -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бермеуі және (немесе) уақтылы бермеуі -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 12-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) беруі -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінің мақсаттары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінде жауаптылығы көзделген бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасы алынған күнге дейін өз бетінше жойған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Осы баптың он бірінші бөлігінің мақсаттары үшін жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты берген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
92-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасын бұзу
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарды:
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының тағайындалған әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және мөлшерінің толықтығын бұзуы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің белгіленген мерзімдерін және төлемдер мөлшерінің толықтығын бұзуы түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің:
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздерінің пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;
2) әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау);
3) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен әлеуметтік аударымдарды төлеушiнің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамауы түрiнде жасалған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы -
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнiң мақсаттары үшiн тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаған жағдайда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен 92-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілердің тізімдерін ұсынбау;
2) жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы) түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік суъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың сомаларын алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындамау түрінде орындамауы - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде төлеушілердің банктік шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы заңға сәйкес белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
93-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (маманының) болмауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес қызметкерлерді міндетті және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі талаптарды бұзуы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес емдік-профилактикалық тағаммен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жұмыскерлерді, басшыларды және еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, білімін тексеруден өткізу жөніндегі талаптарын орындамауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші бөлiктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқама беру (кіріспе нұсқамадан басқа) талаптарын орындамауы және (немесе) осы құжаттардың болмауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың алтыншы бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 95-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 96-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабарламау -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 97-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
97-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасу жөнiнде заңнама талаптарын бұзу
1. Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе көрсетілген келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар айқындаған мерзiмдерде қамтамасыз етпеу -
келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту -
ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша міндеттемені орындамау немесе бұзу -
ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу -
ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен 98-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 227-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді