«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 622 бұйрығы

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 622 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларында:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;

21- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата - аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - туу туралы өтініш) кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.»;

42- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Әке (ана) болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы туу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.