Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 Қаулысы
(2014.31.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.31.12. № 1441 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 292 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары