Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 665 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық төлеушілерді тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1. Осы «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы - бейрезидент туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі - СТ МДҚ) енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы - бейрезидент туралы мәліметтерді СТ МДҚ енгізу, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады - бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде.