Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 29 наурыздағы № 74/НҚ бұйрығы
(2025.12.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025.09.09. № 212/НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025.12.03. № 64/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025.12.03. № 64/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары);
2) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаментіне Даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Бәсекелестікті стратегиялық дамыту департаменті жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей Агенттіктің интернет-ресурсында Даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | М. Омаров |
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________Ә. Қуантыров | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі ____________ Е. Біржанов |