Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 Қаулысы
(2024.06.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2024.23.01. № 22 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі;
2) Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте;
3) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.