«Астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндет атқарушының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 114 бұйрығы

Астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндет атқарушының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 114 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2024 жылғы 27 ақпандағы № 5-1-11/1568 хатында ұсынылған заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсынымды орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін кайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. С. Сұлтановқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің м.а.

А. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

2024 жылғы 28 наурыздағы

№ 114 бұйрығымен бекітілген

 

 

Астық қоймаларындағы астық мөлшерін бақылау әдісін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының
құрамы

 

Азат Сиражидцинұлы Сұлтанов

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жұмыс тобының басшысы

Мурат Саматұлы Іргебай

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры

Сұлтан Айхан

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті директорының орынбасары

Қарлығаш Әділханқызы Нұриханова

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы

Қайрат Мырзағалиұлы Тлеумағамбетов

- «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік коғамы ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры (келісу бойынша)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.