«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 125 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) медициналық авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері - жоғары медициналық білімі, «Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем» және (немесе) «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)» және (немесе) «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)» мамандығы бойынша маман сертификаты бар тұлға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: