(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУ...

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын жәнеоларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т.Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 12 қаңтар

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

2014 жылғы 29 желтоқсан

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.