Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2025.22.07. № 381 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2025.22.07. № 381 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.