«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 321 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Объектілердегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) сәйкес кәсіби өртке қарсы қызметтің жұмысы ұйымдастырылады. Объектілердегі кәсіби өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.»;
194-тармаққа ресми тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілде мәтін өзгермейді;
1474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: