«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 321 бұйрығы

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 321 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Объектілердегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) сәйкес кәсіби өртке қарсы қызметтің жұмысы ұйымдастырылады. Объектілердегі кәсіби өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.»;

194-тармаққа ресми тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілде мәтін өзгермейді;

1474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.