«Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 16/2-VIII шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен күші жойылды
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):
15-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«15. 35 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек: