«Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 23 бұйрығы

 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 23 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21816 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарында:

1, 2, 3, 4, 5, 6 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар мен шарттар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидалар мен шарттарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) азооспермия – эякулятта шәуеттің болмауы;

2) бедеулік – бұл контрацепциясыз 12 ай тұрақты жыныстық өмірден кейін клиникалық жүктіліктің болмауымен көрінетін репродуктивтік жүйенің ауруы;

3) гистероскопия – кейіннен диагностикалық және операциялық манипуляциялар жүргізе отырып, гистероскоптың көмегімен жатыр қуысын ең аз инвазивті зерттеп-қарау әдісі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.