Астық және тұқым инспекциясы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 368/13 Қаулысы
(2018.06.02. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 285/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.27.04. № 109/3 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
2) «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді, 2014 жылғы 21 маусымда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің күші жойылсын:
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 129/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 309/9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелді, 2014 жылғы 22 қарашада «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі сөздер мен сандар алынып тасталсын: