Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.05.05. № 272 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2025.24.07. № 232 бұйрығымен (2025 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 144 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.