«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2019 жылғы 5 наурыздағы

№ 103 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1) «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға сараптама өткізу және құқық беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2021 болып тіркелген);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.