«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 392 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:
350-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«350. Бастапқы даярлау бағдарламасы мынадай өлшемшарттарға сәйкес:
1) ұшу құрамындағы адамдардан ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-қосымшаға сәйкес кемінде 360 оқу сағатын құрайды;
2) авиациялық білімі жоқ адамдардан ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау кезінде жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдарламаларға 79-қосымшаға сәйкес кемінде 600 оқу сағатын құрайды;
3) ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау барлық біліктілік белгілері бойынша базалық даярлық пен даярлықты қамтитын кешенді бағдарлама бойынша, сондай-ақ әрбір біліктілік белгісі бойынша базалық даярлық пен даярлықты бөлуге мүмкіндік беретін модульдік бағдарлама бойынша жүргізіледі;
4) ӘҚЖ мамандарын бастапқы даярлау кезінде немесе ұшу құрамындағы адамдардан Брифинг, жалпы даярлық көлемі осы Үлгілік бағдармаларға 79-1-қосымшаға сәйкес диспетчерлердің кәсіби деңгейін қолдау бағдарламасы үшін Брифингке және/немесе ӘҚЖ-ге келтірілген дайындық бағыттарына сәйкес кемінде 80 оқу сағатын құрайды.