«Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 29 наурыздағы № 135 бұйрығы

 «Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 29 наурыздағы № 135 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.»;

Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.