«Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығы

Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығы

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 62-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қағидалары айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт министрінің м.а.

2025 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 185 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Жоғары жетістіктер спорт түрлерінің

 тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.