Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығы
(2011.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің м.а. |
|
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің) күшін жою
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2008.01.10. № 258 Бұйрығымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) (бұдан әрі - тіркеуші орган) тіркеу істерінде сақталатын құжаттардың мынадай түрлерінің телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді:
1) жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесі);
2) меншік құқығы туралы куәліктің (бұдан әрі - Куәлік) телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді.