«Мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет персоналының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 643 Қаулысы

«Мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет персоналының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 643 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет персоналының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және өзге ұйымдарға іссапарға бару қағидаларында:

10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) уәкілетті органда қызметінің нәтижелері соңғы сегіз тоқсан бойы қатарынан «функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» мәнімен бағаланған;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару:

1) С-2 және одан жоғары санаттағы лауазымдарға орналасуға үміткер мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің;

2) Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілмеген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

11. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне:

1) мынадай:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.