Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 238 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтергесанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «64615 әскери бөлімі» республикалық мемлекттік мекемесі (бұдан әрі - РММ), «01826 әскери бөлімі» РММ іс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Қызмет алушы құжаттар пакетін ұсынған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) 15 (он бес) күнтізбелік күн;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін барынша жол берілген күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша жол берілетін уақыт - 15 (он бес) минут.