«Есіл ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы бірлескен Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің № а-12/287 қаулысына және Есіл аудандық мәслихатының № 8С-15/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-43/4 және Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/235 бірлескен шешімі мен қаулысы

«Есіл ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы бірлескен Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің № а-12/287 қаулысына және Есіл аудандық мәслихатының № 8С-15/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-43/4 және Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/235 бірлескен шешімі мен қаулысы

 

Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Есіл ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № а-12/287 қаулысына және Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-15/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8688-03 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің 21, 22-тармақтары мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«21. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 21-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 3607,4 гектар Есіл ауданы Красивинский ауылдық округінің Красивое ауылының шекаралары (шегі) белгіленсін.»;

«22. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 22-қосымшасына сәйкес Есіл ауданы Красивинский ауылдық округінің Ярославка ауылының жалпы алаңы 3133,0 гектар шекарасы (шегі) белгіленсін.»;

мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

«24-1. Осы бірлескен қаулы мен шешімге 24-1-қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 777,2 гектар Есіл ауданының Красивинский ауылдық округінің Красивая станциясының шекаралары (шегі) белгіленсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.