Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығына 4-қосымша)

4-қосымша 2026 ж. 1 сәуірге дейін қолданыста болады

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігі төрағасы

2025 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 196 бұйрығына 4-қосымша

 

 

Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік

 әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты (бұдан әрі - жалпы конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

2. Жалпы конкурс ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.

3. Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, мемлекеттік тілі мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеуден, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден алдын ала өткен кандидаттар жіберіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін шекті мән белгіленбейді.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кандидат - жүйеде тіркелген және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуға үміттенген Қазақстан Республикасының азаматы;

2) бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері;

3) прокторинг - жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;

4) проктор - іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.