Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
5 қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларының су дайындайтын қондырғыларының технологиялық
мұқтаждықтарына арналған жылу шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2021.27.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жылу электр станцияларының су дайындайтын қондырғыларының технологиялық мұқтаждықтарына арналған жылу шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) суды алдын-ала тазалау - судағы өлшенген және органикалық заттардың құрамын төмендету немесе жою, коагуляциялау, тыңайту, тұндыру жолымен бос көмір қышқылдарын, магнийді, бикарбонат иондарын және кремний қышқылын толықтай жою және шөккен тұнбаны сүзгіден өткізу;
2) су дайындайтын қондырғылардың (бұдан әрі - СДҚ) иондық бөлігі - ион алмасу, сіңіру, мөлдірлендіру жолымен суды өндірістік тазарту жабдығы;
3) натрий катиондау - суды жұмсарту тәсілі;
4) сульфокөмір -жартылай функционалды күшті қышқылды катионның құрамында электролит иондарымен алмасуға қабілетті, ион генді топтар ретіндегі сульфат топтары болады.
3. Жылу электр станцияларының СДҚ технологиялық қажеттілігіне мөлшерлі және нақты жылу шығынын анықтау үшін пайдалану процесінде технологиялық қажеттілікке жылу шығындарынығ мөлшерлерін ішкі бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.