«Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 691 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 691 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:

2-тармақ:

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) жеке басты верификациялау - жеке тұлғаның қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлерінің оның дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келуін тексеру арқылы жеке басты растау;»;

мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

«16-1) материалдық жеткізгіштер - дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар дактилоскопиялық немесе ақпараттық карталар, магниттік, электрондық немесе өзге де жазба түрлерін жеткізгіштер;»;

5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшелері:

1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.