(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БЕСІНШІ АУДАНДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ АУДАНДА...

Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешiмi

 

Осы редакция 2024 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шымкент қаласында бесінші аудан құрылсын.

2. Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және бесінші аудандарының шекаралары осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің

2022 жылғы 7 шілдедегі

№ 1234 мен

Шымкент қаласы мәслихатының

2022 жылғы 7 шілдедегі

№ 18/164-VII

бірлескен қаулысы мен

шешіміне қосымша

 

 

1. Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы

 

Абай ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі бесінші ауданмен шектеседі.

Шекара Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, қаланың солтүстік шекарасымен магистральдық жолдан бастап Түркістан қаласы бағытында, ұзақтығы 10600 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) дейін жетеді.

Одан әрі Бәйдібек би даңғылымен оңтүстік бағытта, ұзақтығы 10600 метр, «Бозарық-3», «Бозарық», «Тұран», «Шымкент Сити», «Қайтпас-1», «Нұрсәт» шағын аудандарының бойымен бұрылып, Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.