«Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығы

«Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 29 маусымдағы № 246 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

5-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) газтүтіннен қорғау қызметі - тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалана отырып, тыныс алуға жарамсыз ортада өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы қызмет;»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) өрт сөндіру есептобы - өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттерді орындау үшін, белгіленген нормаларға сәйкес жасақталған бір өрт техникасындағы өртке қарсы бөлімшенің жеке құрамы;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) саптық жазба - өртке қарсы қызмет гарнизонына кіретін күштер мен құралдардың жеке құрам саны, өрт сөндіру техникасының, өрт-техникалық жарағы мен жабдықтарының болуы және олардың дайындық дәрежесі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Аумақтық гарнизондардың өрт байланыс орталық пунктерінде телефон және радиокеліссөздерін жазу, сондай-ақ үлкен көлемді келіссөздер архивін сақтау қамтамасыз етіледі.»;

20-тармақта:

он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.