(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕ...

Осы редакция 2016 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Алматы қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 29 қыркүйектегі

 № 3/570 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ветеринариялық анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайы бойынша көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - ветеринариялық анықтама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тарту;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталында: www.e.gov.kz  (бұдан әрі - портал) - мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің өтініші және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) кіріс хат-хабарларын қабылдау және тіркеу (30 минут);

2) құжаттарда көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу (30 минут);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.