Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 28 тамыздағы № 522/НҚ бұйрыққа 2-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Жасанды

интеллект және

цифрлық даму министрінің

міндетін атқарушы

2026 жылғы 28 тамыздағы

№ 522/НҚ бұйрыққа

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау

 қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - қолданысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тоқтатылған мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілті сертификаты;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР МО КО) - мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелердегі электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің сертификаттарын беретін куәландырушы орталық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.