«Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығы (2026.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығы

(2026.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 79 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.24.05. № 147 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.26.09. № 167 бұйрығымен (2024 ж. 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 79 бұйрығымен (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде, осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.