(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ 2019...

Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекiту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 2/302 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекiтiлсiн.

2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Алматы қаласының әкімі

Б. Байбек

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2019 жылғы 16 мамырдағы

№ 2/302 қаулысына қосымша

 

 

Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы 2019 жылға арналған орта білім беруге

 мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Орта білім беру ұйымдарының атауы

Білім алушылардың саны

Бір жылға бір оқушыға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Бір жылға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері (теңге)

Бюджеттік бағдарламаның әкімгері - Алматы қаласы Білім басқармасы

1

«Қайнар» мектебі» мекемесі

90

235 595

17 991 526

2

«Жәния Әубәкірованың авторлық мектебі» мекемесі

335

235 595

73 434 658

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.