«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген, 2013 жылдың 23 ақпанында № 69-70 (27343-27344) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
1-тармақтың тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін, 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптар үшін, 2021 ж. 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары;