Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 сәурдегі № 86 «Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 16 қазандағы № 224 Қаулысы
Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 сәурдегі № 86 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында 42-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«42. Аппараттық мәжілісте:
ұйымдастыру бөлімі - әкімдік отырысына қатысушыларды отырғызуды;
ақпараттық қауіпсіздік бөлімі - аудио немесе видео аппаратураларды қосуды;
жиынтық бөлімі - баяндамашылардың көрсететін иллюстративтік және презентациялық материалдарын жинақтап, көрсетілуін қамтамасыз етеді.».
2. «Түркістан облысының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: